Белгілі заңгер жаңа салық кодексі жұмысын тоқтатуды талап етті
Коллаж: Orda.kz
Заңгер Жангелді Сүлейманов жаңа салық кодексінің қолданысын уақытша тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, салық органдары жаңа реформаға дайын емес көрінеді.
«Бар-жоғы бірнеше күн өтті, ал реформа қазірдің өзінде тұралап қалды. Одан әрі не болатыны – түсінікті» деп жазды Сүлейманов.
Сондай-ақ, ол Қаржы министрлігі желтоқсанда жариялаған «Халық бухгалтері» акциясын сынға алды. Бұл бастама жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнеске бухгалтерлік көмек көрсетуді көздейді. Алайда Сүлеймановтың пікірінше, мемлекет шын мәнінде өз міндеттерін жекеменшік компанияларға жүктеуге тырысып отыр.
«Егер салық органдары бухгалтерлерден көмек сұраса, демек олар дайын емес, білім жағынан да, ресурс жағынан да, уақыт жағынан да», – деп түсіндірді заңгер.
Ол салық төлеушілерге кеңес беру салық органдарының тікелей міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, Сүлейманов кәсіпкерлер үшін тәуекелдер барын айтты. Егер бухгалтер декларацияда қате жіберсе, жауапкершілік бәрібір салық төлеушінің өзіне жүктеледі.
«Бухгалтерлер декларацияны қалай толтыру керегін біледі, бірақ кодекстің өзін, әсіресе оның құқықтық бөлігін, тек заңгерлер ғана терең түсінеді», — дейді Сүлейманов.
Қорытындылай келе, заңгер жүйенің дайын емес екенін және реформаны асығыс іске қосудың салдары салық төлеушілер үшін де, мемлекеттік органдар үшін де ауыр болуы мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, Назарбаевтың жиен немересі Дубайда туған күнін дүркіретіп тойлады.
Жаңалықтар
- Қымбатшылық наразылығынан тұтанған Ирандағы «Қаңтар оқиғалары» қалай жалғасуда
- Талдықорғанда көп қабатты үйдегі өрттен жеті бала құтқарылды
- Оқ шығармай жаулау: Трамп Гренландияны сатып алғысы келеді
- Жүрегі тоқтап қалды - тағы бір әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды
- Тимур Елеусізов «Жасыл-Алматы» басшысы болып тағайындалды
- Шәй ішпесе басы ауыратын апаларымыз бояу ішіп жүр ме?
- АҚШ-пен ғана мұнай серіктестігі: Трамп Венесуэладан Қытай мен Ресейді құралақан қалдыруды талап етті
- Щучинск қаласында есірткі жасырып жүрген әйелден 280 орам мефедрон тәркіленді
- Шыңжаңда жер сілкініп төтенше жағдай енгізілді
- Қайтарылған активтердің 1,3 млрд теңгесі СҚО-дағы аурухананы жөндеуге бөлінді
- Қарағандыда 12 қабатты үйден шыққан өрттен бір адам қаза тапты
- Қар мен көктайғақ салдарынан бүкіл Еуропа әрекетсіз қалды
- АҚШ конгресі Трампқа импичмент жарияламақшы
- Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Трампқа өзінің Нобель сыйлығын ұсынды
- Денсаулығың көтермесе - көлік жүргізбе: 1787 адамның жүргізуші құқығы жойылды
- Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады
- Атырауда жоғалған отбасы ісі: Ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
- Досаевтың жұбайы бір жылда 2,3 млрд теңге тапқан
- «Қорқытқым келді»: Атырауда төбелеске араласқан әке жігіттің құлағын кесіп алды
- Атырау облысында полицейлер жиналыс кезінде ұсталды