Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
Фото: Егемен Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, деп хабарлайды Orda.kz ведомствоға сілтеме жасай отырып.
Енді, Бас прокуратураның мәліметінше, алаяқтар «әдіс-айласын» өзгерткен, енді құрбандар өздері байланысқа шығады.
Ведомство шетелдік дереккөздерге сілтеме жасады, олардың мәліметі бойынша алаяқтар жеткізу қызметтерінің, басқарушы компаниялардың және банктердің атынан хаттар мен SMS жібере отырып, шабуылдардың жаңа толқынын іске қосты.
«Авторизациялаудағы қателіктер», «домофонды ауыстыру» немесе «есептегіштерді тексеру» деген сылтаумен шабуылдаушылар адамдарды өздерін қайта шақыртуға мәжбүрлейді. Нәтижесінде ештеңеге күмәнданбайтын азаматтар әлеуметтік инженерия құралдарын пайдалану үшін кибер алаяқтарға өздері жағдай жасап береді» деп мәлімдеді қадағалау органы.
Бас прокуратураның азаматтарға арналған ұсынымдары:
· қырағылық танытуға, белгісіз кіріс хабарламалары мен қоңырауларға сын тұрғысынан қарауға;
· ұйымдардың сайттарында көрсетілген ресми нөмірлерге ғана қайта қоңырау шалуға;
· екі факторлы аутентификацияны пайдалануға;
· банк карталарының деректерін, SMS-тегі бір реттік кодтар ме басқа да құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға айтпауға;
Қазақстандықтарды қырағы болуға және киберқауіпсіздікті сақтауға шақырды.
Шілде айында Бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында «Биылғы жылдың алғашқы 6 айында алаяқтықтың жалпы саны 0,7%-ға төмендеді (22 812-ден 22 644-ке дейін). Алайда интернет-алаяқтық 25%-ға артты (9 936-дан 12 390 жағдайға дейін)» деп мәлімдеді.
Жыл басында Қасым-Жомарт Тоқаев та жаппай цифрландыру мемлекеттің жұмысын жеңілдеткенімен, алаяқтардың халықты алдап, ақша жымқыруына мол мүмкіндік беріп жатқанын айтты.
Жаңалықтар
- Иран «өзін қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді
- Ирандағы шабуыл салдарынан қаза тапқандар белгілі болды
- Қазақстан авиациялық әкімшілігі: Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіндегі ұшулар тоқтады
- Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша тапсырма берді
- Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс нөмірлері
- Иран Бахрейн, БАӘ, Катар және Кувейттегі Израиль мен америкалық базаларға жауапты соққы жасады
- Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
- Қазақстанда Ирандағы соғысқа байланысты бірқатар әуе рейстері тоқтады
- 28 ақпан – Сирек аурулардың халықаралық күні: ДСМ былтыр 175,4 млрд теңге бөлді
- Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Израильдің бүкіл аумағында дабыл қосылды
- Иран барлық байытылған уран қорынан бас тартуға келісті
- Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады
- Ақмола облысында балық қырылды, спирт зауытына айыппұл салынды
- Қазақстан мен тағы бірнеше ел Ираннан өз дипломаттары мен азаматтарын кетуге үндеді
- Павлодарда студент өзін пышақтап тастады