Абаев Алматыдағы атысқа түсініктеме берді

cover

Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Алматыда болған атысқа қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

- Олар айтқандай, адамға сот төрелігін жасады. Бұл кем дегенде, қаза тапқандардың отбасыларына қатысты дұрыс емес. Кісі өлтіруді ештеңе ақтай алмайды. Қандай да бір бұзушылықтар болды ма – бұл сұраққа жауапты тергеу береді, – деді Абаев «Открытый диалог» бағдарламасында.

Ол Қазақстанда кепіл мүлкін сату рәсімдері өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармады.

- Бірақ, бұл жерде несие алған адамның жауапкершілігін де түсіну керек. Несие туралы ұмытады деп ойлауға болмайды. Оның мемлекет алдындағы, басқа салымшылар мен серіктестер алдындағы өз міндеттемелері бар. Бұл бизнес, – деді Абаев.

Ол кредитті ресімдей отырып, қарыз алушы төлемеу бойынша барлық тәуекелдерді өзіне алатынын еске салды.

- Тіпті қиын өмірлік жағдайларға тап болса да, азаматтар бұл мәселені шешу үшін мылтық ұстау туралы ойға келмейді. Қалай болғанда да, бұл жағдай банк секторындағы жағдайға назар аударуға мәжбүр етті. Менің ойымша, белгілі бір нормативтік шешімдер де болады, – деп түйіндеді шенеунік.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар