Баласының еміне 1,5 млрд теңге жинап, ақшаны жеке мақсатқа жұмсаған ерлі-зайыпты сотталды
Фото: Orda.kz
Астанада әлеуметтік желіде баласының ауыр науқасына 1,5 млрд теңге жинаған Дәулет пен Толқын Тотақановтарға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Судья Қанат Тобағалиұлы ерлі-зайыптыны аса ірі көлемдегі алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныды.
Сот шешіміне сәйкес, Толқын Тотақанова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған 10 жылға қайырымдылық мақсатта ақша жинауға қатысты қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленеді.
Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазасын өтеу екі жылға кейінге қалдырылды. Ал Дәулет Тотақанов сот залында қамауға алынды. Бұған дейін ерлі-зайыпты үйқамақта болған.
Айыптау тарапының мәліметінше, Тотақановтар бірнеше ауыр диагнозы бар ұлы Әлішердің атына әлеуметтік желіде бірнеше парақша ашып, Түркияда емделу үшін қаражат жинаған. Жиналған 1,5 млрд теңге баланың еміне емес, қымбат дүкендер мен құмар ойындарға жұмсалған.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады