Балабақшада балалардан таяқ жеген бүлдіршіннің әкесі оқиға туралы айтты

cover Скриншот

Алматыда балабақшалардың бірінде балалар жабылып бүлдіршінді соққының астына алған. Оқиға туралы оның әкесі Амангелді Әскенов айтты.

Ол КТК арнасына бастапқыда бәрін балабақша қызметкерлерімен анықтамақшы болғанын, бірақ олармен ешкімнің байланысқа шықпағанын мәлімдеген. Амалсыздан бүлдіршіннің әкесі полицияға арыз жазған.

«Баланы ұрып-соқты. Олар қоғамнан алшақтатылған. Балам балабақшаға барғысы келмейді. Бізге психологтармен жұмыс керек, психолог жоқ. Бұл қорлық болды: «бала тұрса, оны ұрыңдар». Кім төрт жасар балаларға жабылып соққыға жығуды үйреткен? Бала қашып кетсе де, оны қуып жетіп, ары қарай соққының астына алған» деді баланың әкесі.

Балалардың айтуынша, оларға ондай тапсырманы мұғалім берген. Оларға бала жерден тұрса, оны ұруға болады деген.

Алайда, кейбір мәліметтер бойынша осы кезде қызметкерлер жиналыста болып, балалар қараусыз қалған. Бала орнынан тұрса болды, ол таяқтың астына алынғын. Зардап шеккен бүлдіршіннің ата-анасы мұндай қорлық 10 минутқа созылғанын айтты.

Соңғы мәлімет бойынша, оқиға резонансты болғандықтан, тәрбиеші мен балабақша меңгерушісі жұмыстан босатылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар