Қазпошта: біздің атымызды жамылып жүр

cover

«Қазпошта» қызметін жамылған алаяқтар хабарландыру сайты арқылы адамдардың ақшасын ұрлап жүр.

Қаржы аударамыз деген сылтаумен, банк карточкасының нөмірі мен үш таңбалы жасырын кодты иемденіп алады. Пошта тасымалымен айналысатын ұлттық оператор жеке деректемені ешқашан сұратпайтындарын айтады.

Зат сатумен айналысатын Әсел Қонысбаева «Казпошта» қызметіне жиі жүгінеді. Бірде оған: "затын сатып аламыз", - деп әлдебіреулер хабарласып, оған ақша төлемін жасаймыз деген сылтаумен картасының толық нөмірі мен үш таңбалы кодын сұраған.

«Мен бірден алаяқтар екенін түсіндім. Ол бірінші рет емес. Бірнеше рет сондай жағдаймен бетпе-бет қалдым. Өте сақ болу керек», - дейді қала тұрғыны Әсел Қонысбаева.

Адамдарға күмән тудырмас үшін ресми пошта қызметі сайтының үлгісінде жасалған жасанды сілтемелер - көп алаяқтықтың орын алуына себепші болуда. Қартасының толық дерегін еш ойланбастан сілтемеге салып жіберген тұтынушылар, шоттағы сомаларынан айырылып қалғаннан соң барып бірақ, өздерінің сан соғып қалғандарын түсінеді.

«Өз клиенттерімізге айтарымыз, ешқандай да карта деректемелерін жібермеңіздер, үш таңбалы кодты ешкімге көрсетпеңіздер, жібермеңіздер. «Қазпошта» ешқашан картаның деректемелерін сұрамайды», - деді «Қазпошта» АҚ бас маманы Анар Ғайболлаева.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар