Қазақстанның тағы екі қаласы жаңа жылдық отшашудан бас тартты

cover

Қазақстанның тағы екі қаласы жаңа жылдық отшашудан бас тартты. «Ладаның» мәліметінше, Ақтауда орталық алаң мен қала жағалауына шыршалар орнатылған, бірақ жаңа жыл мерекесіне орай мәдени мерекелік шаралар өткізу жоспарда жоқ. Жаңа жылдық отшашу да болмайды, өйткені оған қаражат бөлінбеген.

Atpress.kz тілшісіне хабарлағандай, Атырау әкімдігінде халық көп жианалатын орында тұрғындардың инфекция жұқтыруының жаңа жағдайларын болдырмау мақсатында 31 желтоқсанда қалада мерекелік отшашу  жоспарланбаған. Сондай-ақ әкімдіктегілер қаланы жаңа жылдық безендіруге ақша бөлмейтіндерін айтты. Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Атырауды былтырғы гирляндалар мен жасанды шыршалармен безендіреді.

Сондай-ақ, БАҚ Қостанайда жаңа жылдық отшашулардың тоқтатылғанын хабарлады. Еске салайық, бұған дейін күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматыда мерекелік отшашулар тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар