Қазақстандық балуан күрестен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

cover

Белградта еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

- Еркін күрестен Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды. Қола жүлдегер Асыл Айтақын болды. 61 келіге дейінгі салмақта күрескен балуан ел абыройын асқақтатып, қола жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлады ҚР ҰОК.

Айта кетейік, үшінші орын үшін белдесуде ол венгр Гамзатгаджи Халидовтан басым түсті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар