Қазақстанда жаңадан салынған ақылы жолдар іске қосылды

cover Фото: Турар Казангапов

23 қарашадан бастап Қазақстанда жаңа ақылы жолдар іске қосылды. Төлемді енгізу туралы бұйрықтарға сәйкес өзгерістер 23 қарашада күшіне енеді, сәйкесінше сол күннен бастап жол жүру ақысы алынады.

«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлауынша, ақы алу жүйесінің соңғы сынақтан өтуі төрт жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республикалық автомобиль жолдарының жеті учаскесінде жүргізілді:

«Нұр-Сұлтан – Павлодар»;

«Қапшағай – Талдықорған»;

«Тараз – Қайнар»;

«Шымкент – Тараз»;

«Шымкент – Қызылорда»;

«Шымкент – Ташкент»;

«Щучинск – Көкшетау».

Сонымен қатар, ақылы жолдарға қызмет көрсету орталықтары ашылды:

1. «Қапшағай – Талдықорған», (Талдықорғаннан шыға берісте).

2. «Тараз – Қайнар», (Ақшолақ ауылы), Тараз қаласынан шыға берісте, Қайнар ауылы бағытындағы Тараз қаласынан 37 шқ жерде орналасқан.

3. «Шымкент – Қызылорда», (Иқан ауылы); Түркістан қаласынан Шымкентке шығатын жерде, Түркістан қаласынан 15 шқ қашықтықта орналасқан.

4. «Шымкент – Тараз», (Машат ауылы), Шымкенттен Таразға қарай шыға берісте, Шымкенттен 28 шқ қашықтықта орналасқан.

5. «Шымкент – Өзбекстан шекарасы», Атамекен ауылының маңында Шымкентке қарай, Шымкенттен 86 шқ жерде орналасқан.

6. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», (Қоянды ауылы), Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодарға шығатын жерде орналасқан.

7. «Нұр-Сұлтан - Павлодар», (Байет ауылы), Павлодар бағытында, Нұр-Сұлтаннан 239 км және Екібастұздан 53 шқ қашықтықта орналасқан.

Оралда жолдардағы тәртіп бұзушыларды жасырын қадағалау жұмыстары жүргізілмек

Қалааралық ақылы жолдарға қызмет көрсету орталықтары:

1. «Қапшағай – Талдықорған», Алматы, көш. Абылай хан, 27/27;

2. «Тараз – Қайнар», Тараз қ., көш. Әйтеке би, 73 үй;

3. «Шымкент – Қызылорда», Қызылорда қ., көш. Сұлтан Бейбарыс, 4А.

4. «Шымкент – Тараз», Тараз, Дорожник массиві, 1 Б, Шымкент бағытында, «Раушан» кафесі;

5. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», Ленинский, көш. Жасыбай батыр 2/1 (ДЭУ-61), Павлодар қ., көш. Сәтбаев 97.

Ақылы жолдармен жүру үшін ақылы жолға жақын орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікте белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл жергілікті көлікке 1000 теңгеге жылдық жазылымды сатып алуға болады.

«ҚазАвтоЖол» абонементтері екі бағыттағы ақылы учаскенің барлық бағытына жарамды екенін айтты. Жолаушылар көліктері аумақтар бойынша келесі аймақтарда тіркелген меншік иелері мұндай мүмкіндікті алуға құқылы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар