Қазақстанда Pfizer вакцинасы ресми тіркелді

cover

Pfizer/BioNTech шығаратын вакцина Қазақстанда ресми түрде тіркелді.

Бұл туралы Orda.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап хабарлады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Фарида Макеева препарат өткен аптада тіркелгенін айтты.

– Бұл препараттың шығарылатын орны Бельгияда орналасқан. Қазіргі уақытта вакцина медициналық ұйымдарға әлі келмеді. Comirnaty вакцинасы (Pfizer мен BionTech жасаған препараттың сауда белгісі. - Авт.) Биыл күзде күтілуде. Вакциналардың әр партиясының сапасына, қауіпсіздігіне тексерілетінін және сәйкестік сертификатын алады, -деді Фарида Макеева.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар