Қазақстанда қой еті 14 пайызға қымбаттады. Құрбан айттың қатысы бар ма?

cover

Қазақстанда қой етінің бағасы бір жыл ішінде 14%-ға өсті. 2021 жылдың маусымында бір келі үшін орташа мөлшері 2300 теңге болды.

Бұл туралы Orda.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Қой етінің ең қымбат бағасы Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркелді, келісі 2900 теңге. Ал Орал мен Петропавлда ол арзанға сатылады, келісі 1700 теңге.

Сарапшылардың айтуынша, ең көп жылдық өсім Алматыда тіркелген. Бір жылда баға 22,6%-ға өскен.

Айта кетсек, қой шаруашылығымен негізінен Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары айналысады. Бір жылда олардың саны 3,6% өсті.

Еске салсақ, бұған дейін муфтият Құрбан айт мерекесі қарсаңында мал бағасын өсірмеуге шақырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар