Қазақстанда мал санына шектеу қойылуы мүмкін

cover

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал санына шектеу қойып, сиыр, жылқы, қой санын реттеу үшін арнайы заң жобасын дайындаған.

31 арнаның хабарлауынша, қазір жоба талқылауға салынған. Мамандар үй жануарлары көп болған сайын экология мен санитарлық жағдайға кері әсерін тигізетініне сенімді.

Шымкент тұрғындарының бірі Минира Каримова заң жобасын қолдап отыр. Себебі, оның көршісі үйінде жылқы асыраумен айналысады. Мал саны күн санап артып келеді, бірақ оның артын жинайтын шаруа жоқ. Шаруаның көршілері жағымсыз иіске шыдап өмір сүруге мәжбүр.

Қазіргі таңда елде мал саны заңды тұрғыда реттелмейді. Тек үй жануарын ұстауға қатысты ереже ғана бекітілген. Қолда бар ереже бойынша, шаруалар апта сайын тазарту жұмыстарын, екі жылда бір рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізіп, мал екпе алып отыруы керек. Сондай-ақ, шаруалар көршілерінен рұқсат алуы тиіс.

«Біздің мамандар осындай жерлерге барып, тек түсіндірме жұмыстарын жүргізеді» деп түсіндірді Шымкент қалалық ветеринарлық бөлімінің басшысы Манарбек Ержігітов.

Ауыл шарушалығы министрлігі «Жеке қосымша шаруашылық жайлы» заң жобасын дайындап болды. Жоба талқылаудан өткеннен кейін үйде ұстайтын мал санына шектеу қойылатын болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар