Қазақстанда Калашников автоматтары шығарылады

cover

Қазақстанда Калашников автоматтарын құрастыру жоспарланып отыр. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің хабарлауынша, келісім Мәскеу түбіндегі Жуковскийде өтіп жатқан MAKS-2021 авиациялық форумында жасалған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Қазақстан «Байкал» ұшақтарын шығаруды, Калашников автоматтарын құрастыруды, сондай-ақ авиациялық техниканың компоненттерін шығаруды бастайды, - делінген хабарламада.

Қару «ТЫНЫС» АҚ зауытында шығарылатын болады. МАКС-2021 шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында Калашников автоматтарын лицензияланған құрастыру өндірісін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, министрліктің хабарлауынша, қазақстандық-ресейлік ынтымақтастық аясында «Байкал» жеңіл көпсалалы ұшақ құру жобасында қазақстандық авиациялық өндіріс кәсіпорны «Қазақстан авиация индустриясы» сатып алуға келісімшартқа қол қойылды.

Қазақстандық жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі бір миллиард рубль (5,7 миллиард теңге).

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар