Қазақстанда көмір тапшылығы байқалды

cover

Елдің солтүстігінде дизель отыны тапшылығымен қоса көмір де сатылымнан жоғалып кеткен. Адамдардың айтуынша, «қара алтын» өңірде сиреп кеткен. Оны алу үшін бірнеше күн торауылдап жүру керек. Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Солтүстікқазақстандықтар қыста отынсыз қаламыз ба деп алаңдаулы. Көмір табылса да, оның бағасы көкке жетуі әбден мүмкін. Бұған дейін шенеуніктер ешқандай қиындық болмайды деп сендірген.

Ал адамдар көмір алу үшін сағаттап кезекте тұрады. Бірнеше вагон болып келген, «қара алтын» бірден сатылып кетеді. Үлгергендер үлгерді, үлгермегендер түксіз қайтады.

– Қыс жақындап қалды, сондықтан тапсырыстар көп, - дейді тасымалдаушылар.

Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір тапшылығы жоқ дейді. Олар мұндай жағдай жыл сайын күзде байқалатындығын айтады. Шенеуніктер көмір барлығына жеткілікті және аймақта 19 мың тоннаға жуық көмір бар деп сендірді.

– Қазіргі кездегі басты толқу - Қаражар мен Шұбаркүл көміріне қатысты. Қаражар бойындағы 200 тонна көмірді түсіру жұмыстары жүргізілуде. Ал Шұбаркүлде вагондар тиелуде. Бірнеше күннің ішінде Петропавлдағы станцияға 700 тонна Шұбаркүл көмірі жеткізіледі. Қаражарда қосымша 200 тонна күтіледі, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар