Қазақстанда қанша бала мен жүкті әйел Pfizer екпесін алды

cover

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы туралы айтты.

«Бүгінгі таңда 35 012 адамға екпе салынды. Оның ішінде балалар – 26 354, жүкті және бала емізетін әйелдер – 8 658» деді Алексей Цой.

Қазақстанға Pfizer вакцинасының жалпы 654 мың дозасы әкелінді. Министрдің айтуынша, дәрі апта сайын жеткізілетін болады.

Еске салсақ, 10 қарашада Алматыға Катар астанасынан Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келді. Қазақстан барлығы 2 миллион адамға есептелген 4 миллион доза сатып алды. 12 қарашада вакцина Нұр-Сұлтанға әкелінді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі қазақстандықтар Pfizer екпесін ақылы түрде алуға болатынын айтқан. Бұл ұсынысты премьер-министр қолдады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар