Қазақстан ауған босқындарын қабылдай ма? – СІМ жауабы

cover

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Талибанға қарсы күресте американдық армияға көмектескен Ауғанстан азаматтарын елге орналастыру туралы өтінішіне пікір білдірді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Сыртқы істер министрлігіне америкалық тараптан мұндай өтініштер ресми түрде түскен жоқ, - деді департаменттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Бұған дейін көптеген қазақстандықтардың бұл жаңалыққа теріс реакция білдіріп, қарсы екендерін жеткізген. Саясаттанушы Сұлтан Әкімбековтың пікірінше, қазақстандықтар АҚШ-тың бұл мәлімдемесінен «қорықпауы» керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар