Ауғанстан билігі әйел журналистердің құқығын таптап жатыр — БҰҰ
Фото: isafmedia/Flickr
2021 жылдың 15 тамызында билік өзгергеннен бастап, 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Ауғанстан журналистер үшін ең қауіпті елдердің біріне айналды. БҰҰ-ның жаңа баяндамасына қарасақ, осы аралықта кемінде 256 заңсыз қамау, 130 азаптау мен қатігездік және 75 қорқыту дерегі тіркелген. Әсіресе, медиа саласында жұмыс істейтін әйелдер үлкен қысымға ұшырауда, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа цензура ережелері:
2021 жылы тәліптер «11 тармақтан тұратын ереже» енгізіп, олардың ислам дініне деген көзқарасына қайшы келетін кез келген ақпаратты жариялауға тыйым салды. Музыка, фильмдер және ерлер мен әйелдердің бірлескен эфирлері де шектеуге ұшырады. Әйелдерге радиобағдарламаларға қоңырау шалу да рұқсат етілмейді, тек денсаулық немесе дін тақырыптарына арналған бағдарламаларға рұқсат.
Қатаң бақылаудағы ток-шоулар:
Ток-шоулар алдын ала жазылып, қатысушылар тізімін билік бекітуі тиіс. Сонымен қатар, көтерілетін тақырыптар да алдын ала мақұлданады. Осылайша, билік өздеріне қолайсыз мазмұнды алып тастау құқығына ие.
Әйел журналистерге шектеулер:
Кейбір провинцияларда әйелдер іс-шараларға қатысу құқығынан айрылып, оларға сұхбат беруге де рұқсат жоқ. 2023 жылы Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы күні әйел журналистердің қатысуынсыз өтті, бұл терең дискриминацияның көрінісі.
БҰҰ-ның ұстанымы:
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк тәліптерді сөз бостандығына қысым жасауды тоқтатуға және халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды.
«БАҚ-қа бақылау қою — қоғамды маңызды ақпараттан айырады және ел басқаруына кері әсерін тигізеді», — деді Тюрк.
Тәліптердің жауабы:
Ауғанстан үкіметі бұл баяндамадағы деректерді «асыра сілтеу» деп атап, әйелдердің БАҚ-та жұмыс істей алатынын, бірақ «діни әдеп нормаларын» сақтауы керек екенін айтты. Оларға бет-әлпетін жабу және ерлерден бөлек жұмыс істеу талаптары қойылған.
Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін Ауғанстандағы қазақтардың жағдайы жайлы мақала жазған болатын. Жақында сол елде қазақтарлың мәдени орталығы ашылды.
Жаңалықтар
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды
- Тоқаев: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады
- Тоқаев Құрылтай спикері қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды
- Тоқаев 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды қолдады
- Тоқаев Құрылтайдың басты міндеттерін атады
- Әлемде жаңа тәртіп қалыптасып жатыр. Ол кереғар сипатқа ие - Тоқаев
- Президент: Өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайды
- Мемлекеттердің, әсіресе ірі елдердің арасындағы сенімге селкеу түсті — Тоқаев
- Тоқаев: Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды
- Тоқаев үкіметті таратты
- Алматыда клубтан шыққан қыздың шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жыққан
- Тойдан кейін төрт адамға оқ атылған: Жамбылда бес тұрғын 17 жылға сотталды