Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар 2 автожол жабылды

cover Фото: freepik.com

«ҚазАвтоЖол» ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облыстарында республикалық маңызы бар автожолдарының жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ақтөбе облысында Ырғыз ауылы — Қызылорда облысының шекарасы мен Қызылорда облысы Ақтөбе облысының шекарасы — Бәйгеқұм ауылы аумағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 

Жолдар ертең, 26 ақпан сағат 10:00-де ашылады. 

 ТЖМ елдегі ауа райының нашарлауына байланысты дауыл туралы ескертулерді қадағалауды, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеруді, алыс жолға шықпауды ескертеді. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар