Атыраудағы жаңа жылдық сыйлыққа берілген мемлекеттік тапсырыс дауға ұласты
Бейнеден скриншот
Жеке кәсіпкер мен қалалық білім бөлімі арасында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар сатып алынғаннан кейін дау өршіді, деп хабарлайды Orda.kz.
Кәсіпкер 600 жаңа жылдық сыйлықты жеткізуге 2,7 млн теңге сомасына мемлекеттік тендерді ұтып алғанын мәлімдеп, әр данасына - 4 990 теңге баға ұсынды. Оның айтуынша, бұл ең төменгі баға ұсынысы болды - алдыңғы қатысушы бес мың теңге сұрапты.
«Біз тауарды алдын ала келістік, WhatsApp-та хат алмасулар бар. Бірақ 30 желтоқсанда маған ақшаның қайтарылғаны, орындалған жұмыстардың актісін қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлады. Сонымен қатар, балалар сыйлық алды ма, деген сұрақтар да қойыла бастады, тіпті бұл жағдай жемқорлық иісі бар деген де күдік те айтылды», - дейді кәсіпкер.
Атырау қалалық білім бөлімі хабарлағандай, сатып алу аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жүргізілген, ал бір сыйлықтың бағасы ҚҚС-сыз 10 714,28 теңге болған. Байқауға 17 әлеуетті жеткізуші қатысып, бағасы төмен алматылық Tulpar Service кәсіпорны жеңімпаз атаныпты.
Ведомство түсіндіріп өткендей, қабылдаудан бас тарту тауардың техникалық ерекшелікте көрсетілген сұранымға сәйкес келмеуіне байланысты екен:
«Техникалық ерекшелікте тәттілердің саны, құрамы мен салмағы нақты көрсетілген. Сыйлықта 17 түрлі бұйым болуы тиіс. Алайда 30 желтоқсанда кәсіпкер тек 10 түрді ғана әкелді. Кәсіпкердің өзі сыйлықтың техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтінін және толық еместігін растады. Осыған байланысты білім бөлімі өнімді қабылдаудан бас тартты».
Білім бөлімінде сондай-ақ кәсіпкер сатып алу шарттарын өз бетінше анықтауы және конкурсқа қатыса отырып, қандай міндеттемелерге келісетінін түсінуі тиіс екенін еске салды.
«Егер шарттық міндеттемелер толық көлемде орындалмаса, тапсырыс беруші қабылдаудан бас тартуға құқылы - бұл заңнамада көзделген. Бөлінген қаражат жергілікті бюджетке уақытылы қайтарылды».
Ведомствоның хабарлауынша, биыл әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 1 162 бала жаңа жылдық сыйлықтарын уақтылы алған.
Еске салсақ, дәл осы Атырау облысында бір отбасының төрт бірдей адамы бірде-бір нақты бағытсыз ізім-ғайып жоқ болған. Атырау облысының полициясы Жангелдин ауылынан 2025 жылдың күзінде құпия түрде жоғалып кеткен отбасын іздестіріп жатыр.
Жаңалықтар
- Атыраудағы жаңа жылдық сыйлыққа берілген мемлекеттік тапсырыс дауға ұласты
- Биыл халық шошына күткен қандай ақша аударымдары «күдікті» саналады
- Аузыңызға ие болмасаңыз - қалтаңыз қағылады: айыппұл көлемі өсті
- Атырау облысындағы бір отбасы «дәрігер қабылдауынан» кейін түгелдей із-түзсіз жоғалып кетті
- Көлікке «мықты» нөмір таңдауға рұқсат
- АҚШ пен батыс елдерінің Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты салған санкцияларының кесірі қара халыққа тиіп жатыр
- Путин әулетінің досы Қазақстанда ірі дәрі-дәрмек зауытын салады
- Тоқаев Швейцариядағы өртке байланысты көңіл айтты
- 2026 жылдың соңына дейін тоғыз жаңа ұшақ сатып аламыз
- Қазақстанның сыртқы қарызы миллиардтаған долларға өсті
- Жаңа жыл түні ІІМ-ге 11 мыңнан астам қоңырау шалынды
- Құтқарушыларымыз жаңа жыл түні 200-ден астам жорыққа шықты
- Financial Times 2026 жылғы негізгі әлемдік оқиғаларға болжам жасады
- Жаңа жыл түні жаңа дүние есігін ашқан сәбилер
- Қазақстан елшіліктері 1 қаңтардан бастап шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады
- Жаңа жыл түні Тараз мейрамханасынан жүздеген адам эвакуацияланды
- Елімізде дерекқордағы жеке мәліметтерді оңды-солды қолданғандарға ірі айыппұл салынады
- Қазақстан мұғалімдері мәжбүрлі жарналарды жоюды талап етіп, петиция жариялады
- Қар аралас жаңбыр - 1 қаңтардағы ауа райы болжамы
- Тоқаев халықты жаңа жылмен құттықтады