Атырауда «жасыл белдеуді» құрылыс салу үшін берген ауыл әкімі қызметінен кетті
Атырау облысында полицияның жаңа ғимаратын салу мақсатында жасыл желекті алқапты кескен ауыл әкімі қызметінен босатылды. Оған қоса басқа да лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Әңгіме шамамен 2 гектар жер телімі туралы болып отыр. Аталған аумақта Махамбет ауылдық округінің әкімдігі полиция бөлімінің жаңа ғимаратын салуды жоспарлаған. Алайда бұл жоба үшін қолданыстағы заңнама талаптарына және елді мекеннің бас жоспарына қарамастан жасыл желектерді құрту көзделген.
Аталған заңбұзушылықтар прокурорлық қадағалау барысында анықталды. Қадағалау актісіне сәйкес ауыл әкімінің барлық заңсыз шешімдері күшін жойды. Нәтижесінде саябақ аймағын сақтап қалып, аудан экожүйесінің бір бөлігінің жойылуына жол берілмеді.
«Бұл заңбұзушылыққа жол бергені үшін аудан әкімінің орынбасары, жер қатынастары және құрылыс бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Махамбет филиалының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал Махамбет ауылдық округінің әкімі атқарып отырған қызметінен босатылды», деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.
Айта кету кетерлігі «жасыл белдеуді» құрылыс салу үшін бергені үшін әкімнің қызметтен кетіп жатқаны еліміздегі алғашқы жағдай
Еске салсақ, былтыр күзде Астана маңында 325 Жетісу өңірінен апарған қырғауыл жіберілген болатын. Елорда әкімдігінде хабарлағандай, бұл екінші партиясы - көктемде 850 құс еркіндікке жіберілген еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазын жапқан Әлиреза Тангсири қаза тапты
- Қонаевта жаттықтырушы кәмелет жасқа толмаған қыздарға азғындық жасаған
- Қораппен суға тасталған марғауларды полицей құтқарып алды
- Тарихта алғаш рет әйел адам Англикан шіркеуін басқарады
- Ресей Үкіметі: жаңа Конституция Қазақстан мемлекетінің іргесін нығайта түседі
- «Салық төлеушілердің көз жасы»: LRT-ның суымен көлігін жуған жүргізуші жұртты күлдірді
- Ер адам жас балаларды соққыға жыққан: Жәбірленушілер кешірім бергенге қарамай күдікті заң алдында жауап береді
- Алматыда жантүршігерлік жол апатынан кейін бақылау күшейтілді
- Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан туралы айтты
- Челябіде мектеп оқушысы сыныптасына оқ атып, кейін терезеден секіріп кетті
- Түрік танкеріне Қара теңізде шабуыл жасалды
- Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жүргізуші әйелді қағып өлтірді
- Су бетін жапқан өлі балық: БҚО-дағы су айдынында балықтар жаппай қырылды
- Ақтөбеде жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
- Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
- ҰҚК заңсыз контрабандамен айналысты деген 18 шетелдікті ұстады
- Ақтөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды
- Алматыда мереке кезінде бес мыңнан астам адам жол ережесін бұзған
- Тоқаев Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық қатынас дами беретініне сенім білдірді
- Трамп сенбіге дейін соғысты тоқтатуы мүмкін — Израильдік БАҚ