Атырауда зейнетақы жинақтары тіс емханалары арқылы қолма-қол ақшаға айналған
Фото: Айқын
Атырауға еліміздің түрлі өңірлерінен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері жиналды. Ауқымды операцияның басталу себебі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатын жалған тіс емханаларының қызметі арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылды деген күдікке қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Orda.kz дереккөздерінің мәліметінше, тергеушілер қаладағы бірнеше ауданда тінту жүргізіп үлгерген. Күдіктілердің пәтерлері мен кеңселерінен қолма-қол ақша, қымбат көліктер мен заңсыз жымқыруға қатысы болуы мүмкін құжаттар табылған.
Қазіргі таңда шамамен оншақты адам ұсталған, алайда іс бойынша күдіктілер саны елу адамға дейін жетуі мүмкін. Бұл тек клиника басшылары ғана емес, сонымен қатар бухгалтерлер, делдалдар, агенттер мен қарапайым қызметкерлер де болуы ықтимал.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, азаматтардың зейнетақы жинақтары жалған стоматологиялық қызметтерге төленген. Алайда шын мәнінде ешқандай ем-дом жүргізілмеген, ал қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлініп отырған.
Жуырда «Отбасы банк» алаңдатарлық сандарды жариялады: 222 миллиард теңгеден астам қаражат 20 клиника арқылы шығарылған, оның жартысы Атырау қаласында тіркелген. Бұл өңірді осындай заңсыз сызбалардың өзінше бір «орталығына» айналдырып отыр.
«Бізде қазір БЖЗҚ жиналған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру жүйелі сипатқа ие болып, тұтас бір секторды — стоматологиялық клиникаларды қамтығанын көріп отырмыз. Қазіргі басты міндетіміз — ұйымдастырушылардың әрекетін тоқтату және барлық қатысушыларды анықтау», — деді Orda.kz тілшісіне ҚМА-дағы дереккөз.
Тергеу жалғасуда. Дереккөздердің айтуынша, бұл іс алдағы бірнеше күндн шешілуі мүмкін. Жаңа ұстаулар мен қосымша әшкереленулер күтілуде.
Бұған дейін біз дан 200 миллиард теңгенің шығарылып, стоматологиялық ем-домға жұмсалғаны туралы мәліметтер жариялаған едік.
2023 жылы Қазақстанда азаматтардың 1,5 триллион теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтарын тәркілеуге қарсы петиция жасалды.
Былтыр экономика сарапшылары Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын жолдады.
Биыл қазақстандықтардың зейнетақысымен «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтерек» қаржыландырылатыны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын қатайту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған
- ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Талғардағы атышулы іс бойынша учаскелік инспекторға үкім шықты
- Алматыда жүк көлігін жалған құжатпен тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды
- Ормуз бұғазын жапқан ирандық қолбасшы Әлиреза Тангсири қаза тапты