Атырауда су деңгейі көтеріліп, нығайту жұмыстары жалғасып жатыр

cover Фото: Тіл кеспек жоқ

Атырауда су деңгейі көтеріліп, нығайту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz порталы Тіл кеспек жоқ телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Атырау қаласының өзінде таңғы сағат 8:00-ден бастап гидропостардағы белгі 2 см-ге артып, 597 см-ге көтерілді. Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов жағалауды нығайту жұмыстарын жалғастыруды және қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды» делінген хабарламада. 

Сәуір айынан бастап өңірде құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

«Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан, Шымкент қаласынан ТЖМ қызметкерлері және әскери қызметшілер тартылды» делінген ТЖМ хабарламасында. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар