Атырауда ұсақ балықтар қырылып жатыр

cover

Атырау облысында Нарын каналының бойындағы Ақбас (Қызтуған) учаскесі маңында өлі балықтың көп мөлшері табылды.

Бұл туралы Orda.kz АқЖайыққа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазсушар» РМК филиалының бригадалары екі центнерден астам балық жинап, арнайы бөлінген жерлерге көмген. Олар сонымен қатар каналды тазартумен айналысты.

Жергілікті әкімдікте Ақбас учаскесіндегі су деңгейі соңғы уақытта қатты төмендеп, балыққа оттегі жетпегендіктен ұсақ балықтар қырылып қалатынын хабарлады.

– Махамбет ауданы Ақтоғай ауылынан бастау алатын Нарын каналы 1960 жылдан бері пайдаланылып келеді. Каналдың ұзындығы 200 шқ, оның 130 шқ-ы Исатай ауданына тиесілі. Оның бойында көптеген шаруа қожалықтары орналасқан. Осы жылдар ішінде арна ешқашан жөнделмеген, оның өткізу қабілеті төмен, сондықтан балық өледі, - дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

Жақында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданына жұмыс сапары барысында Нарын каналының жағдайымен танысып, оны күрделі жөндеу мәселесін міндетті түрде шешетінін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар