Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
Коллаж: Orda.kz
Атырауда тұтастай жоғалды деген отбасының төртеуі де өлі табылды, кеше ғана мәйіттері үй жанынан табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабилинаның жаназасы шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Айрандай ұйып отырған, асып-тасып өмір сүрмесе де барды қанағат тұтып күн көрген тұстастай бір отбасының қанды оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Ағалы қарындастың жаназасы Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында өтті. Олардың денесі 8 қаңтарда өз үйінің ауласындағы ескі сарайдың жертөлесінен табылып, ата-анасының қасына жерленді.
Қанды қылмыс хронологиясы: Төрт адамның жанын жалмаған күйеу бала
Бұл Жангелдин ауылындағы отбасының жоғалып кеткені туралы алғашқы ақпарат 2024 жылғы қарашада шықты. Алдымен ауылдағы туыстары 32 жастағы Наурыз, 35 жастағы Мейрамгүл және олардың ата-анасы – Мақсот пен Нәсіптің байланысқа шықпайтынын полицияға хабарлады.
Бірінші болып 2026 жылғы 6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптылардың мәйітін өз үйінің ауласындағы ескі сарайдың едені астынан тапты. Бұл оқиға еліміз бойынша үлкен резонанс тудырды. Полиция қылмыстық іс қозғап, іздеуді күшейтті. Күдіктілерді анықтау бойынша тергеу барысында туыстары кенже қыздың күйеуі – Сұлтан Сәрсемәлиевтің соңғы рет жоғалғандарды көргенін айтты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ол Наурыз бен Мейрамгүлді таксиге отырғызып, белгісіз бағытқа апарған. Бұл тергеушілерге алғашқы басты күдіктіні анықтауға мүмкіндік берді.
Дәл басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның азаматтық некедегі жары кісі қолынан қайтыс болған Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқаливаның екінші қызы Ақбаян Мұқанғалиева екеуін Индонезиядан тапты.
Индонезия полициясының ресми Polres Lombok Utara парақшасында жарияланған видеода басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен оның азаматтық некедегі жары Ақбаян Мұқанғалиеваны бір топ полиция Индонезия әуежайынан Қазақстанға жөнелткенін көруге болады. Мұқанғалиеваның денсаулығы нашар, тіпті жүре алмай, қол арбада отыр.
Оларды елге жеткізе салысымен оқиға орнына алып келді. Күйеу бала Сәрсемалиев төрт адамның жанын жалмағанын мойындаған. Сонымен қатар, ұзақ уақыт таба алмаған Наурыз бен Мейрамгүлді қалай өлтіргенін және қай жерге көмгенін өзі көрсетіп берді. Ағалы-қарындастың денесін 9 наурызда Атырау қаласы маңындағы Геолог ықшамауданынан табылды. Бұл басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев бұрын жалдап тұрған үйдің ауласы еді.
Сәрсемалиев қылмысқа баруына туыстардың арасында болған ұзақ жанжал себеп болғанын айтыпты. Ал Мұқанғаливаға күдікті статусы берілгенімен оның қылмысқа қандай әрекетімен қатысты екені әзірге белгісіз. Қазір ол психикалық денсаулық орталығында жатыр.
Айта кетейік, Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемәлиевтің кәмелеттік жасқа толмаған бес баласы бар. Олар осыдан бірнеше жыл бұрын ресми ажырасқанымен кейін қайта қосылып, үй жалдап Геолог ықшамауданында азаматтық некеде тұрып келген. Туыстарының айтуынша, Мұқанғалиева соңғы баласын босанған соң жағдайы нашарлап, үнемі науқастанып қала берген екен. Ал марқұм Наурыз Мұқанғалиев осы әпкесі мен жездесіне көмектесіп жүрген жанашыр азамат болған.
Қайын жұртын жалмады деп айыпталаған Сәрсемалиев ұсталғанда одан төрт марқұмның жеке куәліктері, банк карточкалары мен ұялы телефондары табылды.
Оқиғаға қатысты ішкі істер министірлігі төрт адамның өліміне Сәрсемалиевпен арада болған тұрмыстық жанжал себеп болған деп айтты.
«Төрт адамның өліміне ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжал себеп болған. Тергеу «екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша жүргізіліп жатыр және іс министрліктің бақылауында. Сондай-ақ отбасының кіші қызының бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Оның психикалық жағдайын анықтау қажеттілігіне байланысты сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге жіберілді» деп жазылған ведомства түсіндірмесінде.
Orda.kz бұл резонансты істі әлі де бақылауында ұстайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкенттік келіншек кәсіпкерден балаларын ала алмай жүр
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды