Атырауда Яна Легкодимованы өлтірген екі қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: Instagram.com (@legkodimova_)
Атырау облысында судья Зарема Хамидуллина 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірген Ризуан Қайыржанов пен оның сыбайласы Алтынбек Кәтімовті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокуратура мен марқұмның анасы да оларды өмір бойына соттауды талап еткен. Тергеу мен сот процесі қоғамда үлкен резонанс туғызды: әлеуметтік желілерде әділ жаза талап ететін жазбалар көбейіп, қала тұрғындары сот отырыстарына қатысып, істі бақылаған.
Сот Қайыржанов пен Алтынбекті келесі баптар бойынша кінәлі деп таныды:
-
ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтары — «Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған және жалданып жасалған адам өлтіру»;
202-бап, 2-бөлігінің 6-тармағы — «Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған өзгенің мүлкін қасақана жою».
Екеуі де ерекше режимдегі мекемеге өмір бойына жіберілді. Сонымен қатар, азаматтық талап бойынша әр күдіктіден 15 миллион теңге өндіріліп, жәбірленушіге берілетін болды.
Еске сала кетейік, Ризуан Қайыржанов — Легкодимованың бұрынғы жігіті. Олар Атырау мұнай және газ университетінде оқып жүргенде танысқан, бірақ қарым-қатынасы жасырын болған. Кейін Яна Ризуанның басқа қызы бар екенін білгенде олардың арасында жанжал туындаған. Қайыржанов Легкодимованы өлтіруді жоспарлап, танысы Кәтімовті көндірген. Оған 500 мың теңге ұсынған.
Іс материалдарына сәйкес, олар бірнеше нұсқаны талқылап, ақыры Янаны буындырып өлтіріп, денесін Жайыққа тастаған. Тергеудің маңызды деректерінің бірі — Легкодимованың өлімінен бұрын жазған күнделігі. Ондағы жазбалар оқиғаның қалай болғанын анықтауға көмектескен.
Жоғалғанына сегіз ай өткен соң, биыл 20 маусымда Жайық жағалауынан адам сүйектері табылды, сараптама олардың Янанікі екенін растаған. Қыздың сүйегі анасына беріліп, Батыс Қазақстан облысында жерленді. Өлімнің нақты себебін анықтау мүмкін болмады. Себебі марқұм көз жұмғаннан кейін де көп жарақат алған.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады