Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіргені үшін сотталды
Фото: Envato.
Атырауда бұрынғы әйелін өлтірген ер адам кінәсін тек жартылай мойындады. Адвокаты істі жеңілірек бапқа — «жай адам өлтіру» деп қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушы мен оның бұрынғы әйелі арасында Instagram-да жанжал шыққан. Қырқыстан кейін ер адам қалтасына пышақ салып, әйел жұмыс істейтін емханаға барған. Кабинетінде алдымен оған қол жұмсап, кейін әріптесі көмекке кеткен кезде әйелдің мойны мен кеудесіне екі рет пышақ сұққан. Әйел есін жимастан оқиға орнында көз жұмды.
Айыпталушы кінәсін тек жартылай мойындады. Адвокаты істі жеңілірек бапқа — «жай адам өлтіру» деп қайта қарауды сұрады. Бірақ сот қылмыстың қоғамдық орында, ерекше қатыгездікпен және жеке өшпенділік негізінде жасалғанын ескерді.
Нәтижесінде сот айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сондай-ақ сотталушыдан марқұмның туыстарының пайдасына моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы шешім қабылданды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады