Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
Коолаж: Orda.kz
Атырау облысының Жангелдин ауылында бір отбасын түгелдей қырып салды деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке тағы бір қосымша айып тағылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ішкі істер министрлігінің ресми жауабына сәйкес, күдікті енді Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеліп жатыр.
Бұған дейін тергеу негізгі күдікті ретінде 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевті қамауға алған болатын. Ол әйелі Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге шетелге қашып кетіп, Индонезияның Сенару ауылында ұсталып, елге қайтарылды.
Тергеу қарастыруға қосқан екі бап келесідей:
- 99-бабының 2-бөлігі – «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру»;
- 188-баптың 2-бөлігі – «Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық».
«Атырау облысы полиция департаменті адам өлтіру және олардың мүлкін ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды» деп жазылған министрлік хабарламасында.
Дегенмен ведомство күдіктінің әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның іске қатыстылығына әзірге құқықтық баға берген жоқ.
Еске салсақ, бүкіл жұрттың жағасын ұстатыпғ дүрліктірген оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында болған еді. Сол кезде Жангелдин ауылында тұратын зейнеткерлер мен олардың ересек балалары түгелдей жоғалып кеткені белгілі болды. Кейіннен, 6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті өз үйлерінің ауласындағы қорадан табылды.
Ұсталып елге келгенен кейін Сәрсемалиев тағы екі адамды Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындап, олар көмілген жерді көрсетті. Марқұмдардың денесін Геолог шағын ауданындағы күдікті жалға алған үйдің ауласынан тапты.
Ақбаян Мұқанғалиева қазір Атырауда психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр. Оның іске қатыстылығын тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Атап айтарлығы — бұл іс министрліктің ерекше бақылауында.
Тақырыпқа қатысты оқи отырыңыз:
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
Жаңалықтар
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді