Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған

cover Фото: freepik.com

Атырауда 21 жастағы жігіт 19 жастағы қызды бірнеше сағат бойы пышақпен жаралап, соққыға жығып, болған жағдайды әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 8 наурыз күні таңертең болған. Күдікті ретінде Атырау қаласының 21 жастағы тұрғыны — Әлішер есімді жігіт аталды. Ол шамамен таңғы 6:00-ден 11:00-ге дейін қызды пышақтап, ұрып-соғып, қорлаған. Болған жағдайдың бір бөлігін Instagram стористеріне және Telegram мессенджеріне жариялаған.

Зардап шеккен қыз денесі мен аяғындағы көптеген жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілген, қазіргі жағдайы нақтыланып жатыр.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110 және 147-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар