Атырау облысында полицейлер жиналыс кезінде ұсталды
Фото: gov.kz
Атырау облысында екі полиция қызметкеріне қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу нұсқасына сәйкес, полицейлер Мақат ауданының тұрғынын мас күйінде көлік басқарғаны үшін тоқтатқан. Ол әкімшілік жауапкершіліктен құтылу мақсатында полицейлерге 300 мың теңге берген. Кейін ер адам ақшасын қайтаруды талап етіп, Атырау облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметіне арыз жазған.
Өтініш 2025 жылғы 24 желтоқсанда тіркелген. Сол күні күдіктілер жалпы жиналыс өтіп жатқан кезде ұсталды. Полицейлер дереу уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарындағы қызметінен босады.
Айта кетейік, Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген күдікті әйел ұсталды.
Жаңалықтар
- Қымбатшылық наразылығынан тұтанған Ирандағы «Қаңтар оқиғалары» қалай жалғасуда
- Талдықорғанда көп қабатты үйдегі өрттен жеті бала құтқарылды
- Оқ шығармай жаулау: Трамп Гренландияны сатып алғысы келеді
- Жүрегі тоқтап қалды - тағы бір әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды
- Тимур Елеусізов «Жасыл-Алматы» басшысы болып тағайындалды
- Шәй ішпесе басы ауыратын апаларымыз бояу ішіп жүр ме?
- АҚШ-пен ғана мұнай серіктестігі: Трамп Венесуэладан Қытай мен Ресейді құралақан қалдыруды талап етті
- Щучинск қаласында есірткі жасырып жүрген әйелден 280 орам мефедрон тәркіленді
- Шыңжаңда жер сілкініп төтенше жағдай енгізілді
- Қайтарылған активтердің 1,3 млрд теңгесі СҚО-дағы аурухананы жөндеуге бөлінді
- Қарағандыда 12 қабатты үйден шыққан өрттен бір адам қаза тапты
- Қар мен көктайғақ салдарынан бүкіл Еуропа әрекетсіз қалды
- АҚШ конгресі Трампқа импичмент жарияламақшы
- Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Трампқа өзінің Нобель сыйлығын ұсынды
- Денсаулығың көтермесе - көлік жүргізбе: 1787 адамның жүргізуші құқығы жойылды
- Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады
- Атырауда жоғалған отбасы ісі: Ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
- Досаевтың жұбайы бір жылда 2,3 млрд теңге тапқан
- «Қорқытқым келді»: Атырауда төбелеске араласқан әке жігіттің құлағын кесіп алды
- Атырау облысында полицейлер жиналыс кезінде ұсталды