Атамқұлов көмір тапшылығы қолдан жасалып жатқанына сенімді

cover

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлерге көмір жеткізу жоспары артығымен орындалғандықтан, Қазақстанда көмір тапшылығы жасанды түрде туындағанын айтты.

«Біз жалпы көлемнің 27 пайызын және көмірдің екі түрін экспорттаймыз - металлургиялық өңдеуге арналған жоғары агломерациялық көмір және күлділігі 38 пайыздан жоғары энергетикалық компанияларға арналған көмір» деді Атамқұлов.

Ол қазір өңірлердің сұранысы бойынша көмірдің 94 пайызы жөнелтілгенін айтты.

«Бүгін біз өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда жоспарды артығымен орындадық. Жасалған толқу... Тапшылық жасанды. Бізде жөнелтілім тұрақты, карьерлерде артығымен орындап жатырмыз. Ірі жеткізушілермен меморандумға қол қойдық» деп сендірді министр.

Атамқұлов толқу азаматтардың сұранысынан туындауы мүмкін екенін айтты. Мысалы, Шұбаркөлге деген сұраныс артқан сайын Шұбаркөл көмірін сататын жерлерде толқулар мен ұзын-сонар кезек пайда болуы мүмкін.

Министр бұл мәселені бағасы бекітілген тұйық жолдарды көбейту арқылы шешуге болатынын түсіндірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар