Қасым-Жомарт Тоқаев Қабдеш Жұмаділовтің туыстарына көңіл айтты

cover ҚазТАГ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің отбасы мен достарына көңіл айтты.

Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Мемлекет басшысы көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Қабдеш Жұмаділұлының қаламынан шыққан туындылар дәуірдің жүгін, замана келбетін, қоғамның үнін айқын көрсете білген еді. Соның ішінде қилы кезеңді бастан кешкен халықтың тағдырын арқау еткен романдары мемлекет және қалың көпшілік тарапынан жоғары бағасын алды. Қарымды қаламгер еліміздің рухани саласын дамытуға мол еңбек сіңірді. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Қабдеш Жұмаділұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, - делінген жеделхатта.

Еске салсақ, Қабдеш Жұмаділов жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған. Сондай-ақ, оған коронавирус диагнозы қойылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар