Астанада сталкерге үкім шықты

cover Фото: ИИ

Қала тұрғыны жәбірленушінің онымен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, жарты жыл бойы оны үнемі түрде аңдып, үйі мен жұмысының маңында торуылдап, келісімінсіз видеоға түсірген, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ол тіпті қорғау нұсқамасын да елемеген. Сот оны сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартты және моральдық зиян өтеуді міндеттеді.

«Бұл тұлға бұған дейін бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген, бірақ оның шарттарын бұзғандықтан, өтелмеген бөлігі нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды»,  деп хабарлады сот.

Еске салар болсақ, Алматы облысы Қарасай ауданында 13 жастағы қызды тау шатқалына алып кетіп, зорлап, кейін видеомен бопсалаған ер адам 21 жылға сотталды. 2023 жылдың соңында басталған қасіретті хикаяның нүктесі 2025 жылдың жазында қойылса да, оның егжей-тегжейі енді ғана белгілі болып отыр.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар