Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

cover Фото: Егемен Қазақстан

Астанада 10 наурыз күні кейбір оқушылар үйден оқитын болады, деп хабарлайды Orda.kz қалалық білім басқармасына сілтеп.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, екінші ауысымда оқитын 0–6-сынып оқушылары қашықтан білім алады.

«Ауа райы жағдайының нашарлауына (желдің күшеюіне) байланысты 10 наурыз күні екінші ауысымдағы 0–6-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді» деп жазылған хабарламада. 

Бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері Астана мен Алматы қалаларында 10, 11 және 12 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

10 наурызда елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, кей уақыттарда қар жауып, боран соғып, тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, күндіз кейде 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -6…-8°C болады.

11 наурызда құбылмалы бұлтты, түнде қар мен боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -25…-27°C, күндіз -13…-15°C болады.

12 наурызда қалада бұлтты ауа райы сақталып, қар жауып, боран соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -3…-5°C болады.

10 наурыз күні боран мен көрінудің нашарлауына байланысты елдің орталығы мен солтүстігінде қалааралық тас жолдар жабылды. Астана іс жүзінде Қазақстанның басқа өңірлерімен қатынассыз қалды. Қаладан шығатын барлық бағыттар жабылған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар