Астана әуежайы БАӘ бақылауына берілді
Қазақстан Біріккен Араб Әмірлігімен Астана әуежайын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге отырды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестор – БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен келісімге қол қойды.
Инвестор әуежайдың жұмысына жан-жақты бағалау жүргізеді және кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен жалпы тиімділікті арттыру үшін жедел басқаруды өз қолына алады.
«Инвестордың бірінші кезектегі міндеті ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға дайындау және оны одан әрі жаңғырту. Дайындық жұмыстары мен елорданың қысқа құрылыс маусымын ескере отырып, жерүсті инфрақұрылымын қайта жаңғыртуды келесі жылы бастау жоспарлануда» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Осымен қатар мемлекет пен жеке компанияның мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, бизнес-жоспар әзірленетін болады.
Terminals Holding компаниялар тобы Азия және Африка нарықтарында тұтынушыларға қызмет көрсететін авиациялық кәсіпорын, әрі ірі порт және Абу-Даби Порттары өнеркәсіптік компаниясымен байланысты.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады