Арон Атабек өлімі: мәйітхана жағалаған полиция, қайғырған белсенділер

24 қараша күні кешкі сағат 20:45 кезінде қайтыс болған диссидент ақын Арон Атабектің денесін Алматы қалалық мәйітханасына алып барды. Orda.kz редакциясының тілшілері де аталған орыннан табылды.
Қалалық патологоанатомиялық бюроға (мәйітхана) барған тілшілер екі учаскелік полиция көлігі мен оншақты құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кездестірді. Пагон таққан қызметкерлермен тілдесу мүмкін болмады. Сонымен қатар, арнайы жасақ отырған ақ спринтер осы маңда ұзақ тұрды.

Мәйітхананың артқы жағында жиналған бір топ азаматтарды байқадық. Олар ақынды жоқтап келген белсенділер екен. «Арон Атабектің өлімі билікке қазір қажет емес еді, оның тірі болуына олар мүдделі еді» деген топтың арасына кіріп, медициналық сараптама мәселесін шешу үшін мәйіт жанына барған Мұратбек Есенғалиевті күттік.

Бірер уақыттан соң қақпадан шыққан белсенді Мұратбек Есенғалиев пен Балташ Тұрсынбаев алдағы жоспарларымен бөлісті. Олар 15 жылын түрмеде өткізген диссиденттің денесінен медициналық сараптама «жалған коронавирус» тауып, сүйегін туыстарына берместен санитарлық норма бойынша жерлеуі мүмкін деген қорқыныш бар екенін жеткізді. Оған жол бермеу үшін тәуелсіз сарапшы шақыратындарын алға тартты. Белсенділердің бірі мәйітхана маңында қалуға, бірі жер дайындау ісіне, бірі тәуелсіз сараптама жасайтын сарапшы іздеуге уағдаласты.
Түнгі уақытта мәйітхана маңында қалған белсенді Бесжан Төлеубекұлы арнайы жасақтың кезешілігін ауыстырып жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.
25 қараша күні таңғы сағат 09:00-де марқұмның денесіне медициналық сараптама жасау басталатыны айтылды. Бүгін отызға тарта адам жиналып, мәйітхана алдында адамның қарасы бірте-бірте көбейіп отырды. Мәйітхана қызметкерлерімен тілдесіп шыққан Мұратбек Есенғалиев патологоанатомиялық бюро ішіндегі сараптаманың жеткілікті екенін хабарлап, жаназасы мен қонағасы өтетін орындарды атады.
Мәйітханаға сағат 10:00 шамасында 68 жасында дүниеден өткен марқұмның Алма және Айдана есімді қыздары келіп, мәйітханаға кіріп шықты. Үлкен қызы мәйітханадан шығып бірден қайтып кетті, ал Айдана Айдархан журналистерге сұхбат беруден бас тартты.

Сағат 15:00 шамасында Арон Атабектің денесін қызына берді. Белсенділер көлік артынан еріп кетті.

Диссидент ақынның жаназасы ертең 26 қараша, таңғы сағат 10:00-де күні өтетін болып келісілді. Марқұмның денесі Бағанашылдағы бейітке жерленеді.
Бек Байтас, Ильдар Адильченов
Жаңалықтар
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың өндіріп алды
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты
- Джулли Стаффт АҚШ елшісі болуы мүмкін
- БҰҰ Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп тапты
- «Сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған»: Шымкентте 19 жастағы жігітке үкім шықты
- «Ауруханаға түсті»: Ақтөбеде 9 жыл әкім болған азамат өзіне қол жұмсамақ болды
- «Бектеновтің сынынан нәтиже жоқ»: Ақтөбе облысы Жұрын ауылындағы жаңа асфальт үгітіліп жатыр
- Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі әйел зорлады деп күдікке ілінді