Арнайы жасақ жігіттеріне шабуыл жасағандар туралы тың дерек
Фото: gov.kz
Елордалық полиция департаменті Астанада арнайы жасақ қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысты жаңа мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Полицияның мәліметінше, арнайы жасақ жігіттеріне төрт адам шабуыл жасаған. Олар ұсталды. Қазір қамауда отыр.
«Астана полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысында шабуыл жасаған төрт адам да анықталып, соттың рұқсатымен қамауға алынды», деп хабарлады полиция.
Ведомство тергеу құпиясына байланысты басқа ақпаратты жария етпеді.
Еске салайық, 21 қаңтарда төрт ер адам BMW 7401 көлігімен ЕРОП ескі ғимаратына келіп, арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасап, олардың денсаулығына зақым келтіргенін хабарлаған едік. Кейін олардың көліктері әуежай мен бас прокуратура ғимараты жанынан табылды.
Жаңалықтар
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан