Армения Президенті ЕО-ға кіру туралы заңға қол қойды

cover Alexandros Michailidis/Shutterstock/FOTODOM

Армения Президенті Ваагн Хачатурян «Армения Республикасының Еуропалық одаққа кіру процесін бастау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.

Президент Ваагн Хачатурян қол қойған заң Арменияның ЕО-ға кіруге ниетті екенін білдіреді.

Аталған заңды наурыз айының соңында ел парламенті мақұлдады. Құжат «Армения Республикасының Еуропалық одаққа кіру процесінің басталуы туралы» деп аталады. Ол кезде 64 депутат құжатты жақтаса, жетеуі «қарсы» болды.

Құжаттың өзі өте қысқа: «Армения Республикасы демократиялық институттарды дамытуға, қоғамның әл-ауқатын арттыруға, қауіпсіздікті, орнықтылықты және заң үстемдігін нығайтуға ұмтыла отырып, Армения Республикасының Еуропалық одаққа кіру процесінің басталғаны туралы хабарлайды» деп жазылған.


Бұған дейін республика сыртқы істер министрінің орынбасары Паруйр Ованнисян бұл заң елдің ЕО-ға мүшелікке өтініші емес екенін атты. Ол тек «Армения азаматтарының ЕО-мен серіктестікті жаңа деңгейге шығаруға ұмтылысын көрсетеді» деген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Армения парламентінің спикері Ален Симонян республика Еуропалық Одақпен қарым-қатынасты тереңдетуге және тіпті ЕО мүшелігіне кандидат болуға дайын екенін мәлімдеді.

Былтырғы жылдың наурыз айында Армения СІМ басшысы Арарат Мирзоян елде ЕО-ға кіру идеясы белсенді талқыланып жатқанын растаған болатын.

Биылғы қаңтарда Армения министрлер кабинеті елдің ЕО-ға кіру процесін бастау туралы заң жобасын мақұлдады.

Ақпан айында Армения парламенті ЕО-ға кіру процесінің басталуына дауыс берді, ал наурыздың соңында Еуроодаққа кіру ниеті туралы заң жобасын екінші және соңғы оқылымда қабылдады.

Орда Еуропалық Одақ Ресейге танктер мен ұшқышсыз ұшақтарды жөндеуге керек-жарақ алуға көмектесетін елдерге  санкция салуды қарастырып жатқаны туралы хабарлаған болатын.

2023 жылы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения армиясы күні республика үкіметі әйелдер ерікті армиясы институтын құруды жоспарлады.

Таулы Қарабаққа таласқан Армения мен Әзірбайжан арасында жиі қақтығыстар болып тұрады. Халықаралық деңгейде ол жер Әзірбайжанның бір бөлігі болып саналады, бірақ ондаған жылдар бойы армян сепаратистерінің бақылауында болды. Армения мен Әзірбайжан Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Таулы Қарабақ үшін екі рет соғысты.

2022 жылы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев елдер арасындағы  44 күндік соғыс кезінде Арменияға қару-жарақ Ресейден Қазақстан, Түркіменстан және Иран арқылы жеткізілді деп айыптаған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар