Араб басқарушылары Астана әуежайынан кетпекші
Фото: qazaqstan.tv
Terminals Holding араб басқарушы компаниясы Астана әуежайынан кетуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Астана әкімдігі мен Terminals Holding (БАӘ) компаниясы арасында тараптардың келісімі бойынша әуежайды басқару бойынша ынтымақтастықты тоқтату туралы келіссөздер жүргізілуде», деп растады Астана әкімінің баспасөз қызметі.
Елордалық билік түсіндіріп өткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түпкілікті шешім қабылдау қорытындысы бойынша елордалық әуежайды сенімгерлік басқару процесін тоқтату бойынша тиісті рәсімдер жүргізіледі.
«Астана әуежайы еліміздің негізгі инфрақұрылымдық нысаны мәртебесін сақтап қалады және өткізу қабілетін арттыру, инфрақұрылымды жаңарту және сервис деңгейін арттыру жөніндегі жобаларды іске асыруды жалғастырады», деп атап өтті елорда әкімдігі.
Естеріңізге сала кетейік, Terminals Holding ресми түрде тек 2025 жылы ғана Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын «Terminals Astana Airport Limited» еншілес компаниясы қол қойған 25 жылдық келісімді сенімгерлік басқаруға алған болатын.
Әуежайды басқару шарттарының ішінде Қазақстанның бюджет қаражатын пайдаланбау, жұмыс орындарын сақтау және персоналға арналған оқыту бағдарламаларын іске асыру болды. Сонымен қатар, араб фирмасы әуежайды дамытуға жүздеген миллиард теңге инвестиция тартуға уәде берді.
Былтыр Астана әуежайы қызметкерлері еңбек жағдайы мен жалақы деңгейіне көңілдері толмайтынын айтып, наразылық білдірген.
Еске салсақ, 2023 жылы қазан айында сол кездегі премьер-министр Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестор – БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен келісімге қол қойған болатын.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады