Алтын - қымбат тас болды, жұмыртқа - қымбат ас болды

Қазақстандағы жұмыртқа бағасы бірден 100 теңгеге қымбаттады. Азық-түліктің ең қажетті түрі болып саналатын жұмыртқаның неліктен аяқ астынан бұлайша қымбаттағанын ORDA. зерттеп көрді.
Жұмыртқаның он данасының бағасы қазір Алматының бөлшек сауда сөрелері мен ұсақ көтерме базарларында 500 теңгеге жетті.
Ұсақ тауар саудагерлері әлден-ақ шығындарын есептеуде. Өйткені қазір алып-сатудан ешнәрсе ұтпайсың. Онсыз да үстеп қосатындары өте аз мөлшерде болатын. Ал картон ұяшықтар мен жіптерді өздері сатып алатынын қосқанда... пайда жоқтың қасы.
«Біз алушыларымыздың 60 пайызын жоғалтып үлгердік. Екі қорап жұмыртқаны сата алмағанымызға 3 күн болды. Тұрақты тұтынушыларымыз ғана қалды. Біз ұсақ жұмыртқаны алмаймыз, олардан түсім жоқ. Тек үлкен және сұранысқа ие түрлерін ғана аламыз. Бір аптаның ішінде баға өсіп кетті. Ары қарай не болары белгісіз. Тауар әкелушілердің айтуынша баға жыл соңына дейін тағы да өсетін сияқты», – дейді «Арыстан» базарындағы кәсіпкер Жанар.
Оның айтуынша бағаның шарықтауы құс тұмауының тарауына байланысты.

Бұған дейін белгілі болғандай жоғары патогенді құс тұмауы қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысында басталып, қалған өңірлерге де жайылған болатын. Ауылшаруашылық министрлігінің деректері бойынша еліміздің 7 облысына құс тұмауы тарап, нәтижесінде үйдегі құстардың 20 мыңы, ал құс фермаларында 200 мыңы қырылған. Ресми қорытындылар бойынша құс эпидемиясының тарауына мекен ауыстыратын жыл құстары себепші болған.
Тұрсын Қабдуланов, Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау комитетінің басшысы
«Дәл қазіргі уақытта 329 691 дана қырылған құстың материалдық шығынын өтеу қарастырылуда. Әрине, міндетті түрде құстың тұмаудан қырылғаны туралы сараптама және өлген құстардың санитарлық ережемен көмілуі туралы актлер болуы тиіс. Биылғы жылдың ақпанында жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының алдын алу шаралары бекітілген ветеринарлық жоспарға сәйкес жүргізіліп, 3,3 миллион вакцина бөлінген болатын. Қыркүйек айында республикалық қордан қосымша 3,1 миллион доза бөлінді. Жақында тағы қосымша 1,3 миллион доза бөлінбек. Вакциналардың жалпы мөлшері сонда 7,7 миллион дозаға жетпек.
Құс тұмауының тарауына келсек, ол қыркүйек айынан бастап дүниежүзінің 26 елінде тіркелгені белгілі, ал көрші Ресейде бүгінгі күнге дейін 1,5 миллион құс қырылғаны тіркелді».

Құс өсірушілер не дейді?
Светлана Иванова басқаратын Алматы өңіріндегі жылына 200 миллион жұмыртқа өндіретін кәсіпорын мамыр айынан бастап енгізілген карантиннің салдарынан банкротқа ұшырай жаздаған. Басшының айтуынша, қазір барлық құс өсіру саласы дәл осындай жағдайда тұр. Құс тұмауынан кейін ұсақ бәсекелестер нарықтың бұл түрінен мүлдем кетуге мәжбүр болады.
«Бүгінде тек біз ғана емес барлық отандық құс өсірушілер банкроттың алдында тұр. Пандемия, экономикадағы дағдарыс, теңгенің девальвациясы вакцинаның, жемнің, жабдықтардың, қосалқы бөлшектердің қымбаттауына әкеліп тіреді. Осы қажетті заттардың көбісін біз шетелден валютаға сатып алуға мәжбүрміз. Оған қосымша жемге қосатын бидай бағасы да қазір 25-30% қымбаттады».
Жұмыртқа – әлеуметтік маңызы бар тағамдарға жатады. Оның нақты бағасын үкімет бекітеді. Сәуір айында жұмыртқаның бағасы оның ең төмен сортына 291 теңге болып бекітілген болатын. Бірақ қазіргі баға министрлер кабинеті бекіткен бағадан әлдеқайда жоғары. Бұған дейін мемлекет тарапынан бір жұмыртқаға 2-3 теңге субсидия бөлінетін, осылайша жұмыртқа өндіретін кәсіпорын 100 миллион жұмыртқа өндіргені үшін мемлекеттен жылына 200-300 миллион теңге жәрдем алатын. Осының нәтижесінде қазақстандық өндірушілер Қазақстан нарығынан ресейлік, белорустық, украиндық өндірушілерді тықсырып, шығара алған болатын. Ал 2019 жылдан бастап Ауылшаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндірушілерді мемлекеттік жәрдем беру тізімінен алып тастады. Министр Сапархан Омаров бұл сала субсидиясыз-ақ күн көре алады деп шешті:
«Біз ең алдымен дәнді дақылдарға, одан кейін майлы дақылдарға, көкөніс-бақша өнімдеріне субсидияны тоқтаттық. Енді алдағы уақытта ірі қара мал етін, жұмыртқа, қымыз-шұбат, күріш және мақта өндірушілерге субсидияны тоқтату жоспары бар. Өйткені бұл өнімдермен тұтынушылар өзін-өзі жоғары деңгейде қамтамасыз етіп жатыр».
Ауылшаруашылығы министрлігінің жұмыртқа өндірушілерге айтар шағымдары бар екен. Мәселен, 2019 жылы бұл сала субсидияланғанына қарамастан өндірілген өнімнің біразы ішкі нарықты толық қамтамасыз етпей, шекара асып кеткен. Нақты айтқанда 2019 жылдың сегіз айында қазақстандық құс фабрикалары 306 миллион жұмыртқаны шетелге экспорттап жіберген.
Сонда біздің мемлекеттік бюджетіміз бөлген миллиард теңгеге жуық қаржы шетелдік тұтынушыларға кеткен деуге болады.

Кәсіпкерлер жақындап қалған Жаңа жыл мерекесін күпті көңілмен күтуде. Базарлар карантинге жабылып қалмаса екен деген қорқыныш та жоқ емес. Құс өсірушілер болса Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен кездесіп субсидия тізіміне қайта енгізілсек деген өтініштерін жеткізгісі келеді.
Ал тұтынушы халайық жаңажылдық дастархан мәзірінің ең басты салаты «оливьенің» бағасын есептеп жатыр. Өйткені салатқа салынатын жұмыртқа бүгінде қымбат ас болды.
Аударған: Баян Танатарова
Жаңалықтар
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың өндіріп алды
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты
- Джулли Стаффт АҚШ елшісі болуы мүмкін
- БҰҰ Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп тапты
- «Сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған»: Шымкентте 19 жастағы жігітке үкім шықты
- «Ауруханаға түсті»: Ақтөбеде 9 жыл әкім болған азамат өзіне қол жұмсамақ болды
- «Бектеновтің сынынан нәтиже жоқ»: Ақтөбе облысы Жұрын ауылындағы жаңа асфальт үгітіліп жатыр
- Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі әйел зорлады деп күдікке ілінді