Алматылық «Қайрат» Конференция лигасында тас-талқан болып жеңілді

cover Фото: fckairat

Алматылық «Қайрат» Конференция лигасында сырт алаңдағы алғашқы ойынын өткізді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Топтық кезеңнің екінші туры ойындары аясында қазақстандық клуб Швейцарияда ойнады. Алаң иелері алматылық команданы аяған жоқ, «Қайрат» қақпасына 4 гол жіберіп алды. Базель командасынан гол солққандар Артур Кабрал, Майкл Ланг (дубль) және Дэн Ндой болды. Қонақтар тек екі голмен жауап берді, Хосе Канте мен Рикардо Алвес гол соқты (пенальти). Нәтижесінде есеп – 4:2.

«Қайрат» үшін бұл топтық кезеңдегі бірінші жеңіліс, ал «Базель» бірінші жеңіске жетті. «Н» тобының кезекті ойынында кипрлік «Омония» өз алаңында әзірбайжандық «Карабахтан» ұтылды – 1:4.

Топтағы есеп бойынша:

1. «Қарабақ» - 4

2. «Базель» - 4

3. «Қайрат» - 1

4. «Омиак» - 1.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар