«Алматыдағы жөндеу жұмыстары»: Үлкен саябақтардың қай жерлерін жаңартпақ?

cover Фото: Elements.envato.com

Алматыда Бостандық ауданындағы қоғамдық жерлер мен субұрқақтарды қайта жаңарту үшін құжаттама әзірлеу басталды, деп хабарлады Orda.kz.

Қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде бұл жұмыстың ауқымды болатынын атап өтті. Президент паркін, «Атакент» аумағын, «Оңтүстік» саябағын, Нұр-Алатай шағынауданының скверін жаңарту, сондай-ақ цирк алдындағы, Мұстафин көшесіндегі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайы алдындағы субұрқақты жөндеу жоспарланған.

Бұл өзгерістер қаланың тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамдық жерлердің сапасын жақсартуға бағытталып отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар