Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты

cover Коллаж: Orda.kz

Алматыда электромобиль қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Қайғылы жол апаты Алматыда 21 наурызға қараған түнде болды. Полиция мәліметінше, шамамен сағат 03:30-да Әл-Фараби даңғылында, Меңдіқұлов көшесімен қиылысында Zeekr мен Mercedes көліктері соқтығысқан.

Алматы қалалық полиция департаменті редакция сұрауына жауап берді.

«Жол-көлік оқиғасы Медеу ауданында болды. Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты» деп жазылған құзырлы орган берген жауапта. 

Zeekr жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, 12 наурызда Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелген болатын. Бір тәуліктің ішінде 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 28-і зардап шекті. 

Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев жүргізушілерді ауа райы жағдайларын ескеріп, қауіпсіз жылдамдықпен жүруге шақырды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар