Алматыда жер сілкінді
Фото: скриншот
Қала тұрғындары жер сілкінісі кезінде көшеге шықты. Оқырмандар азаматтық қорғау сиреналары іске қосылғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Тұрғындардың айтуынша, дүмпулер «айтарлықтай сезілді». Төтенше жағдайлар департаменті алдын ала магнитудасын «2–3 балл» деп бағалады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда, Астана уақыты бойынша 12:44-те жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі шамамен 5 шақырым, магнитудасы 6,7. Мамандардың есептеуіне сәйкес, Алматыда дүмпулердің күші 3 баллға жеткен. Сол сияқты Кеген ауданының Саты, Жалағаш, Кеген, Нарынқол, Талғар, Есік және басқа ауылдарында да осындай күшті жер сілкінісі сезілген.
Ал кейбір Боралдай, Ұзынағаш, Шонжы, Қонаев секілді өңірлерде әлсіз дүмпулер 2 баллға дейін тіркелді. Қазірге дейін ғимараттың қирағаны немесе жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.
Оқиға координаттары: 41.021 с.е., 78.387 ш.б., тереңдігі 5 шақырым. Энергетикалық класы 14.0, магнитудасы MPV 6.7.
Тұрғындардың айтуынша, дүмпулер «айтарлықтай сезілді». Алматы қаласы мен облыстың бірнеше аудандарында жер сілкінісінің қарқындылығы MSK-64 шкаласы бойынша 2–3 балл болды.
Есептік қарқындылық нақты аймақтар бойынша:
- Алматы қ. — 3 б., 277 шақырым
- Алматы обл., Кеген ауд., Саты ауылы — 3 б., 227 шақырым
- Алматы обл., Кеген ауд., Жалағаш ауылы — 3 б., 227 шақырым
- Алматы обл., Кеген ауд., Кеген ауылы — 3 б., 232 шақырым
- Алматы обл., Райымбек ауд., Нарынқол ауылы — 3 б., 241 шақырым
- Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауд., Есік қ. — 3 б., 270 шақырым
- Алматы обл., Талғар ауд., Талғар қ. — 3 б., 271 шақырым
- Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауд., Көкпек ауылы — 3 б., 271 шақырым
- Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауд., Түрген ауылы — 3 б., 272 шақырым
- Алматы обл., Ұйғыр ауд., Қырғызсай ауылы — 3 б., 273 шақырым
- Алматы обл., Қарасай ауд., Қаскелең қ. — 3 б., 283 шақырым
- Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауд., Маловодное ауылы — 3 б., 283 шақырым
- Алматы обл., Ұйғыр ауд., Ж. Қайыпова ауылы — 3 б., 284 шақырым
- Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауд., Шелек ауылы — 3 б., 287 шақырым
- Алматы обл., Іле ауд., Өтеген-Батыр ауылы — 2 б., 289 шақырым
- Алматы обл., Жамбыл ауд., Қарғалы ауылы — 2 б., 289 шақырым
- Алматы обл., Іле ауд., Боралдай ауылы — 2 б., 290 шақырым
- Алматы обл., Ұйғыр ауд., Чунджа ауылы — 2 б., 293 шақырым
- Алматы обл., Жамбыл ауд., Ұзынағаш ауылы — 2 б., 298 шақырым
- Алматы обл., Алатау (Жетіген) қ. — 2 б., 314 шақырым
- Алматы обл., Қонаев қ. — 2 б., 336 шақырым
- Алматы обл., Іле ауд., Күрті ауылы — 2 б., 360 шақырым
- Жетісу обл., Кербұлақ ауд., Сарыөзек ауылы — 2 б., 372 шақырым
- Жетісу обл., Панфилов ауд., Жаркент қ. — 2 б., 374 шақырым
- Жамбыл обл., Қордай ауд., Қордай ауылы — 2 б., 377 шақырым
- Жетісу обл., Текелі қ. — 2 б., 429 шақырым
Тұрғындар дүмпуді сезіп, көшеге шыққан. Азаматтық қорғау дабылдары қосылып, президенттік хабарлама тарады.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде прокурор ұсталды: Тергеу жүріп жатыр
- Қамшыбек Ташиевтің сыныптасы министрліктегі жылы орнын босатты
- FlyArystan компаниясының басшысы ауысады
- Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы терезеден құлады
- Олимпиада-2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты
- «Психоактивті зат қолданған»: Әнші Ерболат Құдайберген 15 күнге оқшауланды
- Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау жеделхатын жолдады
- Әлеуметтік желіде құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
- Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
- «Рұқсатсыз дәретханаға кеткен»: Алматы облысында мұғалім оқушысын сотқа берді
- «Дәріні аузыма тығамыз деді». 4 баланың анасын күйеуі жындыханаға жатқызған
- Өзбекстан президенті педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынысын қолдады
- ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу туралы ақпаратты ҰҚК растады
- Олимпиада-2026: 12-ші жарыс күнінде қай спортшыларымыз өнер көрсетеді
- Қостанай облысының әкімі ұсталған орынбасары туралы пікір білдірді
- Таразда аялдамада тұрған мектеп оқушысын белгісіз біреулер ұрлап әкетпек болған
- Түркістанда сау әйелін психиатриялық стационарға күштеп жатқызған ер адам достарымен бірге сотталды
- «Үш жылда 30 млн таптым»: Ауруханадағы жұмысын тастап Кореяға кеткен қазақтар
- Жетісу облысында кішкентай баласын өлімші етіп сабаған әйел мәжбүрлі түрде емделеді
- Енді ХҚКО-дан құжаттарды постамат арқылы кез келген уақытта алуға болады