Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын полиция растады

cover Фото: Instagram.com/adiletkhan

Алматы полициясы заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Orda.kz.      

«Алматы қаласының полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», деп қысқаша хабарлады полиция. 

Айта кетейік, блогердің парақшасына 1 миллионнан астам адам жазылған. Оның парақшасының сипаттамасында оның азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес беретіні көрсетілген.

Атышулы әл-Фараби даңғылындағы көлік апаты туралы резонанс істе жарияланымдар жасаған заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды.

Еске салсақ,  Алматыдағы әл-Фараби даңғылында қайғылы оқиға болып, 3 адам сол жерде тіл тартпай кеткен еді. Полиция қызметкерлерінің бұл іске қатысы бар-жоғын бірінші болып заңгер Әділетхан Молдахан айтқан еді.

Ол сол түні Zeekr және тағы бірнеше көлік Достық даңғылынан бастап жарыс ұйымдастырғанын әлеуметтік желідегі парақшасында ашық көрсетті. Оның мәліметінше, көліктер әл-Фараби бойынша сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүріп, қос тұтас жолды кесіп өткен, жалған нөмірлерді пайдаланған.

Сондай-ақ, Молдахан өз сөзінде ереже бұзғандар арасында жоғары лауазымды полиция қызметкеріне тиесілі көлік болуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар