Алматыда үй иесін байлап, қарақшылық қылған 2 адам ұсталды
Фото: freepik.com
Алматы қаласында полиция қызметкерлері жәбірленушіге шамамен 30 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыс күндізгі уақытта болған. Күдіктілер жәбірленушінің қол-аяғын байлап, зергерлік бұйымдары мен бағалы мүліктерін және ақшалай қаражатын қолды қылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзімде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді», деп хабарлады Алматы қаласы ПД.
Ұсталғандар кінәларын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, СҚО-да өртеніп шатыры құлаған үйден 5 жасар қыздың денесі табылды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады