Алматыда такси жүргізушіcі әйелді зорламақ болған

cover

Алматы облысында такси жүргізушісі 34 жастағы бойжеткенді ұрлап кетіп, оны зорламақшы болған, деп мәлімдеді «НеМолчи» қоры.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қарғалы ауылының тұрғыны ауылдан қалаға қатынайтын автобус жоқтығына шағымданды. Тұрғындар такси ұстауға мәжбүр.

Оның айтуынша, ол қызыл түсті Mersedes көлігіне мініп, Шамалғандағы құрбысына бармақшы болған. Сол жерден екі ару жұмысқа баруды жоспарлаған.

– Біраз жүріп, кенеттен жолдан жылдамдықпен белгісіз жаққа бет алды. Мен бірден мені қайда алып бара жатқанын сұрадым, жауап бермеді. Мен «тоқта» деп айқайлап, жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеттім. Жерге құладым. Денемнің бәрі жырылды, қан болды. Орнымнан атып тұрып, жолға қарай бет алдым. Жүргізуші бірден көліктен түсіп, артымнан қуып жетті. Ол мені қайтадан көлікке отырғызбақшы болды. Мен жемпірімді шешіп, тағы да сытылып шықтым. Ол мені қуып жетті. Ол «сені ешкім естімейді, көмекке келмейді» деді. Ол бұрылып кеткен жерде адам болмады, - деп «НеМолчи» қоры зардап шегушінің сөзін келтірді.

Әйел өзін қорғаған. Бір кезде көліктің жанына басқа адамдар жақындап келген. Олар көмекке шақырған дауысты естіп, сонда қарай бет алған.

– Мені ешкім құтқармайды деп ойладым. Қанша уақыт өткенін білмеймін, бірақ ол кенеттен «киін» деп айқайлады. Маған шалбарымды лақтырып, мені итеріп жіберді. Өзі бірден көлікке отырып, адамдар келе жатқан жерге қарай кетіп қалды. Көліктің артында нөмірі болмады. Алдымда мен атқа мінген, ит ерткен ер адамды көрдім. Ол басында бәрін көріп, көмектеспей өтіп кеткен. Артынан екінші ер адамды әкеліпті. Жүргізуші екі адамды көріп, қашып кетіпті. Мен оларды байқамадым. Тек мені лақтырып кеткенде көрдім. Олар мені құтқаруға келіпті, - дейді келіншек.

Зорлық көрсеткен адамға қандай жаза қолданылды?

Осыдан кейін әйел полицияға арыз берді. «НеМолчи» қоры күдіктінің ұсталғанын, бірақ қандай да бір себептермен босатылғанын хабарлады.

– Беттестіруден кейін тергеуші оған Қылмыстық кодекстің 26-бабы ұсынылатынын айтты. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркімен бас тартты. Басында есінде ештеңе жоқ болған зорлаушы бәрін мойындады. Бірақ полицейлер оның босатылатынын айтты. Оларға менің нені бастан кешкенім және ертең ол тағы біреуге шабуыл жасай ма, жоқ па қызықтырмайды, - деді зардап шегуші.

Алматы облысының полиция департаменті хабарлағандай, 34 жастағы әйел 26 тамызда сағат 6:30 шамасында белгісіз адам оны Бекболат ауылының шетінде зорламақшы болды деп, көмек сұрап Қарасай ауданының кезекші бөліміне келген.

– Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 120-бабы, 126-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті анықталып, тұтқындалды. Ол 26 жасар жергілікті тұрғын болып шықты. Ол осы қылмысты жасағанын мойындады, қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, - деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар