Алматыда ақпанда +22,8°С болды: Синоптиктер күрт жылыну себебін түсіндірді

cover Фото: Pixabay

19 ақпанда Алматыда ауа температурасы +22,8°С-қа жетті. Бұл  ақпан айы үшін соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Orda.kz.

Казгидромет мәліметінше, өңірде «кең ауқымды жылу тасымалы» деп аталатын синоптикалық процесс жүріп жатыр.

«Бұл Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне оңтүстік және оңтүстік-батыстан жел арқылы жылы ауа массаларының келуімен байланысты. Осындай жағдайда температура тәулігіне орта есеппен 2–3 градусқа жоғарылайды», — деді Алматы қаласы және облысы бойынша метеоболжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кісебаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ақпан айындағы ең жоғары температура 2021 жылы тіркеліп, +16,3°С болған.

Еске сала кетейік, Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау бәсекесінің жеңімпаздары анықталды. Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина жарысты жоғары деңгейде өткізіп, жеке мансабында ең үздік нәтиже көрсетті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар