Алматы облысында оқушылар 7-сыныпта оқитын жетім қызды зорлап, видеосын сатты
Фото: Pexels
Оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жайлы қоғам белсендісі әлеуметтік желіде мәлімдеді. Оның айтуынша, мектептің бірнеше оқушысы 7-сыныпта оқитын жетім қызды зорлаған. Оқиғаны видеоға түсіріп, кейін оны желіде жариялаған.
Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға 21 қыркүйекте болған, бірақ мектеп директоры бұл туралы 13 қазанда ғана біліп, дереу полицияға хабарласқан. Ал жәбірленушінің туыстары істің өткен аптада белгілі болғанын және соның өзінде оқиғаны елден жасырмақ болғандарын айтты.
Полиция тергеу бастады. ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталады. Қызға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Orda.kz бұған дейін Ақтөбе облысында тоғызыншы сынып оқушысының босанғаны жайлы жазған еді. Бейресми мәліметке сүйенсек, күдікті ретінде анасының өгей әкесі ұсталған.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран