Алматы облысында бала ойыншыққа тұншығып көз жұмды

cover

Алматының іргесіндегі Талғарда төрт жасар қыз балабақшада ойыншыққа тұншығып қайтыс болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

 «Сот-медициналық сараптама кезінде баланың тамағынан қатты пластик зат табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі «Абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша жүргізілуде» деп хабарлады департамент.

Тергеу бақылауға алынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар