Алматы облысы Шамалған ауылында ұн зауыты жарылды

cover Фото: бейнекадрдан үзінді

Алматы облысы Шамалған станциясының маңында орналасқан ұн зауыты жарылды, салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

23 мамыр күні Алматы облысы Жібек жолы ауылында орналасқан «АзияАгроФуд» зауытында жарылыс болып, 4 адам зардап шекті. Олардың бірі көз жұмды. Дерек  бойынша, қаза болған марқұмның жасы 50-де және ол 10 жыл бойы сол зауытта қызмет атқарып келе жатқан.

Ал қалған 2 адамның біреуінің денесі 95% ал екіншісінің денесі 80% күйген, олар қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жарылыстың астық қалдықтарының шаң-тозаңы көтерілгенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 10 баланы асырап алып азаптап, бір өгей қызының қолын қайнаған сумен күйдірген анаға сот үкімі шықты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар